Кеңес маршалы Жуковтың ескерткішіне унитаз апарған белсенді 10 тәулікке қамалды

Ол сот шешімімен келіспейді


11/05/2023
10:31 18278 0

Фото: Жаннат Ахмедияровтың Facebook парақшасынан

 

Оралды Кеңес одағының маршалы Жуковтың ескерткішіне унитаз апарған белсенді Жаннат Ахмедияров 10 тәулікке қамалды. 

 

10 мамырда Орал әкімшілік соты 53 жастағы белсенді Жаннат Ахмедияровты 10 тәулікке қамауға шешім шығарды. Ол бір күн бұрын, 9 мамырда маршал Жуковтың ескерткішіне унитаз апарып, Украинаны қолдау акциясын өткізген.

 

Белсендінің өзі сот шешімімен келіспейді және шешімді апелляцияға беретінін айтты. 

 

Полиция Жаннат Ахмедияровты 10 мамырда орталық алаңда журналистерге сұхбат беріп тұрған жерінен ұстап алып кеткен. Оған дейін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі белсендінің үстінен «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеген. 

 

9 мамырда Жаннат Ахмедияров Facebook-тағы парақшасында совет маршалы Жуков мүсіні маңында Украина елтаңбасы бар бас киім киіп түскен суретін жариялаған. Фотода Жуков ескерткішінің жанында унитаз тұрғаны көрінеді.

 

Ахмедияров «Азаттық» радиосына бастапқыда акция өткізу ойында болмағанын, бірақ президент Тоқаев Мәскеудегі парадқа барады деген ақпарат тарағаннан кейін осындай қадамға барғанын айтқан. 

 

—Мен акцияны өткіземін деп ойлаған жоқпын. Алайда кенет [Мәскеудегі әскери парадқа] президентіміздің кеткені белгілі болды. Президенттің солай істегеніне қатты ұялдым.... Сүйтіп, акция өткіземін деп шештім. Унитазды тауып, Жуковтың ескерткішіне бардым, – дейді ол.

Ахмедияровтың сөзінше, унитаз бұл «символ». 1946 жылы совет маршалы Жуковтың үйін тінткен кезде одан Германиядан әкелінген 40-тан астам унитаз табылған. Ал жалпы шара Украинаны қолдауға бағытталған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/05/2023 10:31
18278 0

Уведомление